Мақтаарал ауданының аумағында «Жаңа жыл» мерекесін тойлауға, атап өтуге, қандайда бір мерекелік іс-шаралар өткізуге қатаң түрде тыйым салынған.
Осыған байланысты аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған аудандық прокуратура, аудандық СЭС, аудандық полиция бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп, Мақтаарал ауданына қарасты кафелер мен ресторандарға рейдтік іс-шара жүргізді. Мұндай шаралар күн сайын өз жалғасын табатын болады.
Рейдтік шара барысында 70-ке жуық жеке тұлғаға және 25 кәсіпкерге түсіндіру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар, шектеулерге қарамай жұмыс істеп жатқан 2 кафенің басшысына хаттама толтырылып, айыппұл салынды.