Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАС МАМАН МЕН ТӘЛІМГЕР АРАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ҮНДЕСТІГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ЖАС МАМАН МЕН ТӘЛІМГЕР АРАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ҮНДЕСТІГІ

ЖАС МАМАН МЕН ТӘЛІМГЕР АРАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ҮНДЕСТІГІ

          Әрбір кәсіптің дамуы мен өркендеуі үздіксіз білім алуға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға байланысты. Бұл тұрғыда жас ман мен тәлімгер арасындағы қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Тәлімгер – мол тәжірибесімен бөлісетін, бағыт-бағдар беретін ұстаз болса, жас маман тың идеяларымен, шығармашылық көзқарасымен ерекшеленетін болашақтың жарқын өкілі.

        Мұғалім болып мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу,өмір бойы үйрену бұрынғыдан артпаса, кемімейді. Соның ішінде әріптестеріңнен үйрену, тәжірибе арқылы үйрену мықты құралың болады.
        Тәлімгер тек кәсіби білім беруші ғана емес, сонымен қатар рухани қолдау көрсетуші, бағыттаушы тұлға. Оның негізгі міндеттері: Жас маманның өз саласын терең меңгеруіне көмектесу. Практикалық тәжірибе арқылы қиындықтарды қалай еңсеру керектігін үйрету. Жас маманды шабыттандырып өзіне деген сенімділігін арттыру. Жұмыс этикасы мен кәсіби мәдениетті қалыптастыру. Осындай жүйелі жұмыс жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, олардың табысты маман болып қалыптасуына септігін тигізеді.
      Жас маман – жаңашылдықтың жаршысы. Оның тәлімгермен тиімді қарым-қатынас жолдары: Заманауи технологияларды меңгеруі, жаңа құралдар мен әдістерді тиімді қолдану. Кәсіби дамуды көздейтін бірлескен жобалар мен жоспарлар құру, тұрақты түрде жетістіктер мен қиындықтарды талқылау.
       Қаңтар айында мектепішілік жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсету мақсатында «Үздік Жас мамандар» атты байқау өткізілді. Бес бөлімнен тұратын байқау барысында жас мамандар өздерінің үлкен дайындықпен келгендігін және кәсібін сүйетін маман екендерін көрсете білді. Ерекше білім мен білігін, шеберлігін танытқан жас мамандар жүлделі орындарға ие болды.
     Қорыта келгенде жас маман мен тәлімгер арасындағы байланыс – кәсіби дамудың маңызды факторы. Бұл қарым-қатынас арқылы тәлімгер өзінің өмірлік тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізсе,жас маман өз кезегінде жаңа идеялар мен тың серпін әкеледі. Осылайша, сабақтастық пен дамудың үздіксіз процесі қамтамасыз етіледі.
Джолтаева Гульзинад Сапаралиевна,
“М.Шоқай атындығы №26 ЖББМ» КММ қазақ тілі пәні мұғалімі,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1