Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде инновацияларды енгізу – уақыт талабы. Осы мақсатта «Смарт педагог» жобасы аясында педагогтарға арналған коучинг өткізілді. Жобаның басты мақсаты – заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдана отырып, оқыту сапасын арттыру және педагогтардың кәсіби дағдыларын дамыту.
Коучинг барысында педагогтар цифрлық технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, әртүрлі онлайн-платформалар мен білім беру ресурстарын талқылады. Сабақ барысында төмендегідей маңызды тақырыптар қамтылды:
Google Workspace құралдарын оқу процесіне енгізу
Kahoot және Quizizz арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Canva көмегімен көрнекі материалдар әзірлеу
Padlet пен Jamboard арқылы бірлескен жұмысты ұйымдастыру
Оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту әдістері
Тәжірибе алмасу – кәсіби дамудың маңызды бөлігі. Коучинг барысында педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық дағдыларды жетілдірудің жаңа тәсілдерін талқылады. Оқытуда цифрлық құралдарды тиімді қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оқу нәтижелерін жақсартатыны атап өтілді.
Жоба қорытындысында қатысушылар оқыту үдерісін жетілдіру үшін цифрлық құралдарды қолданудың жаңа жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, мұндай шаралар педагогтардың біліктілігін арттырып қана қоймай, кәсіби қауымдастық қалыптастыруға да ықпал ететіні сөз болды.
Сонымен қорыта айтар болсақ: «Смарт педагог» жобасы заманауи мұғалімдердің цифрлық құзыреттіліктерін дамытып, оқу процесіне инновациялық тәсілдер енгізудің маңызды қадамы болып табылады.
Ебеков Мурат Омарович,
“М.Шоқай атындығы №26 ЖББМ» КММ физика пәні мұғалімі,