ЖАРМА АУДАНЫНДА «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 420
2025 жылдың 24 қарашасында Абай облысы, Жарма ауданы Әкімдігінің орталық кітапханасында «Ауыл» партиясының «Кітапқа – екінші өмір сыйла» жобасы аясында игілікті шара ұйымдастырылды. Партия өкілдері кітапхана қорына 40-қа жуық көркем әдебиет үлгілері мен түрлі салаға қатысты бағалы кітаптарды тарту етті.
Табыс етілген кітаптардың қатарында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Тахауи Ақтанның «Боран» шығармасы, жалпы қазақ және әлем әдебиетінің туындылары, техника ғылымдары жөніндегі еңбектер, қаржы саласына қатысты кітап, салалық сөздік және белгілі спортшылар туралы жазылған «Саңлақтар» жинағы бар. Сонымен қатар, «Ауыл» партиясы ұйымдастырған республикалық жыр мүшәйрасының үздік шығармалары топтастырылған «Алтын тұғыр» прозалық антологиясы да кітапхана сөресінен орын алды.
Акцияны «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырды.
Шара соңында өңірлік партия өкілі Ерік Омарғалиев мәдениет және руханият саласының қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілей отырып, кітапхана басшысы Дариға Құрманқызымен естелік фотосуретке түсті.
Ерік Қайратбекұлы өз сөзінде мұндай бастамалардың ұлттық руханиятты дамытуға, кітап оқу мәдениетін кеңейтуге қосатын үлесі зор екенін атап өтті.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.