Ауыл шаруашылығыЖаңалықтар

ЕГІС АЛҚАПТАРЫНДА ҚЫЗУ ЕҢБЕК ЖҮРУДЕ

Қаралым: 26
Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді. Ерте өнім беретін  қырыққабат  дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар қатысып, қызу жұмыстар жүргізілуде.
Қаңтардың жауын-шашынына қарамастан егістік алқапта жұмыс жасап жатқан диқандардың жай-күйінен хабар алу үшін аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов пен аудандық ауыл шаруашылыы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков «Сабыр» шаруа қожалығына барды.
Шағыр Кушербаевтың басшылығындағы қожалықтың еншісінде 12,2 гектар жер бар болса, соның 3 гектарына қырыққабат дақылы егіліп жатыр екен. 60 адамнан құралған бригада қаңтардың әрбір күнін пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс жасап жатыр.
«Жұмысшыларға күніне 3200 теңгеден еңбек ақысын төлеудеміз. Қырыққабаттың «валикор» атты сортын тамшылатып суару технологиясымен егіп жатырмыз. Негізінен 2 айдың көлемінде еккен егініміз пісіп жетіледі. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек», – деді Ш.Кушербаев.
Ерте пісетін қырыққабат өніміне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары болғандықтан, диқандар осы қырыққабат дақылын ертерек отырғызудың амалын жасайды. Қазірдің өзінде ауданымызда 10 гектардан астам жерге қырыққабат дақылы отырғызылған. Ал биыл жалпы 1342 гектар алқапқа көкөніс егілетін болса, соның 500 гектардан астамына қырыққабат егіледі деп болжануда.
 Жалпы, қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтааралдық диқандар оның соңынан қауын-қарбыз, мақта сияқты т.б. дақылдар егуге кіріседі. Осылайша еңбекқор диқандар 1 жылда екі, тіпті үш рет өнім ала-алады.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *