Бұл цифрлы құжаттар да енді Halyk Homebank-те қолжетімді
Автор: ҚалмұратҚаралым: 30
НаlykBankцифрлысервистердіодан ары дамытуды жалғастыруда. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ қолдауымен жаңа қызметті іске қосты: Банктің клиенттері HalykHomebankқосымшасында өзінің цифрлы құжаттарын тұрақты түрде қолдана алады.
“Цифрлы құжаттарды” бүгінгі таңда шамамен 10 млн қазақстандық қолдануда. Бұл өте ыңғайлы әрі өзіңізбен бірге құжаттың түпнұсқасыналып жүрудің қажет жоқ. Атаулы қызметті пайдалану бұрыннан да ыңғайлы болу үшін біз бұл сервисті қазақстандық танымал платформаларға шығарамыз, бірақ бұл функционал тек азаматтың келісімімен ғана қолжетімді болады” – деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
“Бұл қызмет түрі әлемде баламасы жоқ бірегей формат. Клиенттер үшін HalykHomebank қосымшасында цифрлы құжаттар 24/7 режимде қолжетімді болады және оларды мемлекеттік, банктік және басқа қызметтерді алу кезіндепайдалана алады“, – деп атап өтті HalykBankБасқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.
Мысалы, Қазақстанның барлық әуежайларында ішкі рейске билет алу және ұшаққа отыру, “Қазақстан темір жолы” АҚ теміржол вокзалдарында вагонға отырғызу кезінде, ХҚКО, банкке барғанда және нотариустарда қызмет алу кезінде осы цифрлы құжаттарды HalykHomebankарқылы көрсетіп емін-еркін қызметті қолдануға болады.
Жаңа сервисті пайдаланудың маңызды шарты мемлекеттік дерекқорларда цифрландырылған мәліметтер болуы керек. HalykHomebank қосымшасының клиенті келіскен жағдайда цифрлы құжатты сұраған тарапқа QR-кодты немесе цифрлы құжаттың қысқа кодын көрсеткеніңіз жеткілікті.
Айта кету керек, құжаттар тікелей egov.kz мемлекеттік қызметтер порталынан жүктеледі және HalykBank клиенттері өздерінің дербес деректерінің қорғалғанына сенімді бола алады. Цифрлы құжаттариесінің келісімінсіз бұл қызметті қолдану мүмкін емес.
HalykHomebank қосымшасындағы цифрлы құжаттарды қарау үшін басты беттегі “Мемлекеттік қызметтер” бөлімінде “Менің құжаттарым” тармағын таңдап, оданарыSMS арқылы жеке дербес деректерді қолдануға келісім беру қажет. Сұраған тарапқа QR-кодты немесе цифрлы құжаттың қысқа кодын көрсеткеніңіз жеткілікті. Қысқа код арқылы банк қызметтерін, яғни HalykBank бөлімшелерінде пайдалануға болады.
Қазіргі уақытта HalykHomebank қосымшасында цифрлы құжаттардың 18 түрі бар, олардың ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР-тест, туу туралы куәлік, әлеуметтік куәлік бар. Жақын арада цифрландырылған диплом ұсыну мүмкіндігіпайдаболады.