Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Ұлттық ұланның сарбаздары ТЖМ-мен бірлесіп Ақтөбедегі су тасқыны салдарын жоюда - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » Ұлттық ұланның сарбаздары ТЖМ-мен бірлесіп Ақтөбедегі су тасқыны салдарын жоюда

Ұлттық ұланның сарбаздары ТЖМ-мен бірлесіп Ақтөбедегі су тасқыны салдарын жоюда

        Ақтөбе қаласының аумағында су тасқыны жағдайын жоюға 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонынан 60 әскери қызметші жұмылдырылды.
         Су тасқыны жағдайына байланысты, Ақтөбе облысы әкімінің шешімімен 31 наурыз күні сағат 20.00-ден бастап Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің аумағында жедел штаб құрылды.
         Құтқару жұмыстарына Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің командирі полковник Мирас Тұрдалин 60 әскери қызметшіден тұратын жедел әскери резервтің құтқару жасағын, сондай-ақ екі арнайы құтқару техникасын бөлді.
        «Негізгі күш-жігер төтенше жағдай ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған. Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, тұрғындарды эвакуациялау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Халыққа көмек қауіпсіздік шараларын толық сақтай отырып жүргізілуде», — дейді 2 жедел мақсаттағы батальоны 3 ротасының командирі капитан Н. Молдашев.
          Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әрқашан көмекке келуге дайын. Өздерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес, олар табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады.
         Тез және тиімді әрекет ету арқылы құқықтық тәртіп әскерлері іс жүзінде адамдарға көмектесуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Бұған Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары маусымдық су тасқыны кезінде, сондай-ақ Мақтаарал ауданының тұрғындары 2020 жылы су тасқынын жою кезінде көз жеткізді.   Сонымен қатар, ұландықтар жыл сайын қатты аязда қалааралық жолдарда қалғандарды қар құрсауынан шығарады.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1