Әлеумет

БҮГІНГІ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖЕТІЛГЕН БОЛУЫ КЕРЕК

Қаралым: 36
               Қазіргі таңда еліміздің әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған екен. Осы жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мүмкіндігі болуы тиіс. Осы жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді ойлаған «Jas Otan» жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» бағдарламасын әзірледі, онда жастардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша 100 нақты шара қамтылған.
          Өз кезегінде еліміздің басты саяси күші – «Nur Otan» партиясы алға қойылған міндеттерді іске асыруға жәрдемдеседі. Партиямыз сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50%-ке көбейтеді. 2025 жылға қарай жастардың барлығы колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім ала алуы үшін 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту шаралары қолға алынады. Сондай-ақ, өмір бойы үздіксіз білім алу мүмкіндігі және білім берудің барлық кезеңінде цифрлық сауаттылықты арттыру қамтамасыз етіледі. Барлық жоғары оқу орындары мен колледждердің бағдарламалары жаңартылып, кәсіпкерлік, экологиялық, мәдени білім негізі бойынша жаңа пәндер енгізіледі.
         Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір озық ойлы қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ал ел сенімін, үмітін ақтау – жастарымызға байланысты.
Нұргүл ӘБДІРАЗАҚОВА,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *