Қоғам

ОТБАСЫ ӨМІР АЯСЫ

Қаралым: 34
      Жуырда Атакент ауылдық жасөспірімдер кітапханасында жас оқырмандардың  қатысуымен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орайластырылған «Отбасы өмір аясы» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.
         Барлық санитарлық талаптар сақталып өткізілген бұл шараның мақсаты –  отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, жас буыннан ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеп шығару, отбасы құндылықтарын арттыру.
          Дөңгелек үстелді «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты кіріспемен кітапханашы Б.Ырыспанова  бастап берді. Екінші кезекте қонақтар «Отбасым-менің бақытым» атты тақырыпта өзара пікір алмасты. Маңызды тақырып тереңінен қозғалып отбасылық құндылықтар туралы құнды ой-пікірлер айтылды.
          Қорытынды бөлімде мен іс-шараға шақырылған жастарға – «Отбасы өмір аясы» кітап көрмесімен таныстырып библиографиялық шолу жасадым. Олардың бүгінгі шараға қатысты қойған сауалдарына жан-жақты жауап бердім. Ал шара соңында осы іс-шараға қатысқандары үшін өз алғысымды айттым.
Ә.ОРАЗБЕКОВА,
 Атакент ауылдық жасөспірімдер
кітапханасының  меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *