ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

«БАБАЛАР ҮНІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қаралым: 44
Жуырда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында халыққа арнаған Жолдауы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Бабалар үні» эпостық жырларды жатқа айту байқауы өткізілді.
Этнос өкілдері арасында қазақтың ауыз әдебиеті мен ұлттық өнерін және мемлекеттік тілді насихаттау, талантты эпос жырын орындаушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында өткен облыстық байқауға ауданымыздың атынан «С.Айни» атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары – Санобар Мирзаева мен Нигора Тугушева қатысты.
Байқау шарты бойынша С.Мирзаева «Қыз Жібек», Н.Тугушева «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырларын жатқа оқыды. Қазылар алқасының ұйғаруымен байқау жеңімпаздары анықталып, Санобар Мирзаева жүлделі І орынды иеленді. Ал, Нигора Тугушева эпостық жырларды жатқа айту байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Байқау жеңімпаздарына қаржылай сый-сияпаттар жасалды.Ұлты тәжік болса да, жүрегі қазақ деп соққан, ұлттық салт-дәстүрді жадына тоқыған қос қызымызға алғысымызды білдіріп, алдағы уақыттарда бұдан да биік белестерді бағындырады-деп, сенім білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *