Этнос өкілдері арасында қазақтың ауыз әдебиеті мен ұлттық өнерін және мемлекеттік тілді насихаттау, талантты эпос жырын орындаушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында өткен облыстық байқауға ауданымыздың атынан «С.Айни» атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары – Санобар Мирзаева мен Нигора Тугушева қатысты.
Байқау шарты бойынша С.Мирзаева «Қыз Жібек», Н.Тугушева «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырларын жатқа оқыды. Қазылар алқасының ұйғаруымен байқау жеңімпаздары анықталып, Санобар Мирзаева жүлделі І орынды иеленді. Ал, Нигора Тугушева эпостық жырларды жатқа айту байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Байқау жеңімпаздарына қаржылай сый-сияпаттар жасалды.Ұлты тәжік болса да, жүрегі қазақ деп соққан, ұлттық салт-дәстүрді жадына тоқыған қос қызымызға алғысымызды білдіріп, алдағы уақыттарда бұдан да биік белестерді бағындырады-деп, сенім білдіреміз.