Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есебі өтіп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, есептік кездесуден бұрын аудан басшысы мәселелері бар тұрғындарды жеке қабылдады. 
Жеке қабылдауға аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев пен аудандық дербес бөлімдердің басшылары да қатысты.
Облыс әкімінің және аудан әкімінің қабылдауына алдын ала жазылып, тұрғын үй, ағын су, мектеп салу, жол жөндеу және әлеуметтік мәселелер бойынша көмек сұрап келген тұрғындардың әрбірін мұқият тыңдаған аудан басшысы айтылған өтініштерді қағазға түртіп отырды. Жеке қабылдау барысында тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, сол жерде әрбір мәселенің түйінін тарқатты.
Аудан әкімі көтерілген мәселелердің ішінде қосымша талдауды, зерделеуді қажет ететіндерімен сала мамандарымен біргелікте жұмыс жүргізіп, өтініш иелеріне қосымша хабарланатындығын жеткізді.
«Айтылған әрбір өтініш-пікірлеріңізді қарастырамыз. Тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауыма аламын» — деді Бақыт Насырханұлы.
Онлайн режимде 2 кент пен 9 ауылдық округтің тұрғындарына есеп берген аудан әкімі Бақыт Асановтың қорытынды есептік кездесуін, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы тікелей эфирден тамашалауға және сұрақтар қоюға мүмкіндіктер қарастырылды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1