Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
DIGITAL ALMATY 2021 ФОРУМЫНДА 6 ЕЛДІҢ ҮКІМЕТ БАСШЫЛАРЫНА EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫ КӨРСЕТІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » DIGITAL ALMATY 2021 ФОРУМЫНДА 6 ЕЛДІҢ ҮКІМЕТ БАСШЫЛАРЫНА EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫ КӨРСЕТІЛДІ

DIGITAL ALMATY 2021 ФОРУМЫНДА 6 ЕЛДІҢ ҮКІМЕТ БАСШЫЛАРЫНА EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫ КӨРСЕТІЛДІ

5 ақпан, 2021 Алматы қ.
Цифрлық трансформация стратегиясы мен IT-тенденциялар талқыланатын «Digital Almaty 2021:«Цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға»халықаралық форумында«Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты елдердің үкімет басшылары, сондай-ақ форумның басқа қатысушылары мен қонақтарына eGov mobile мобильдік қосымшасының жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.
 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасының м.а.Диас Қадыров өзінің мысалында биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып, eGov mobile-да жаңа және заманауи тіркеу процесін көрсетті. Сондай-ақ, ол онлайн-қызметтерді алу және цифрлық құжаттарды пайдалану жолдарын көрсетті.
«Егер бұрын электронды мемлекеттік қызметтерді алу үшін қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, кезекке тұрып, флэш-дискке ЭЦҚ алуы керек болса, енді барлық тіркеу процесі екі-ақ минутты алады және тек смартфонды қажет етеді. Қосымшаға тіркелу арқылы қазақстандықтар электрондық үкіметтің ең танымал 90-ға жуық қызметтері мен сервистеріне қол жеткізе алады», — деді Диас Қадыров.
«Digital Almaty 2021» форумының цифрлық жобалар көрмесінде eGovMobile-дан басқа Алматы әкімдігінің, Қазақтелекомның және Kaspi.kz жобалары ұсынылған.
Форумға қатысушылар денсаулық сақтау мен білім беруді цифрлық трансформациялау, АТ экожүйесі және венчурлық капитал, ақпараттық қауіпсіздік, GovTech және супер қызметтер, Индустрия 4.0 және басқа да тақырыптар бойынша панельдік сессияларға қатыса алады.
Форум гибридті форматта — оффлайн режимінде және https://forum.mdai.gov.kz/program  сілтемесі бойынша онлайн өтеді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1