Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

      Жақында Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте 10-11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға педагогикалық-психологиялық түрғыдан дайындау мақсатында «Армандар орындалады» атты тренинг өткізілді.
        Өткізілген осы маңызды шараның мақсаты – оқушылардың бойында іс-әрекетке ерік-жігерді ынталандырушы ретінде арман туралы түсініктерді қалыптастыру. Достық жайлы атмосфераны, топтың жағымды эмоционалдық бірлігін қалыптастыру, армандауға деген құштарлықты дамыту, балалардың қиялын, шығармашылық және әлеуетін дамытуға, әр баланың даралығын ашуға ықпал ету. Оқушыларға мамандық таңдау мен алдағы өмірлеріне қажетті таңдау жасаулары үшін қажетті бағыт-бағдар беру, өмірлері үшін маңызды таңдауды дұрыс жасауларына пайдалы кеңес беру болды.
        Жоғары сынып оқушылары үшін маңызы ерекше бұл тренингте  –оқушылар өзара сәлемдесіп болған соң, «Айналаңдағылардың бәрін айналдыр» жаттығуын жасады. Оқушылармен әңгімелесіп болған соң, «Армандар елі» статистикалық медитациясы, «От шашуға ұқсайтын армандар» проекциялық жаттығуы жасалды. Сондай-ақ, «Арманыңды анықта» жаттығуы, «Торғайдың арманы туралы» ертегісін қарау және талқылау, «Армандар әртүрлі» және «Армандар пирамидасы» ойындары ойналды. Бұдан бөлек «Армандар кемпірқосағы» арт-терепиялық техникасы да  жүзеге асырылды.
        Осы іс-шараның барысында оқушылар тренингке белсене қатысып, өздерінің ойға алған арман-мақсаттарын толығымен қалыптастырды. Өздерінің болашақтары жайлы айтып, армандарымен бөлісті. Осылайша тренингке белсене қатысып, мамандық таңдауыға бағыт-бағдар алып, өмірдегі  қажетті таңдауды дұрыс жасауына кеңес алды. Тренинг барысында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, психологиялық ахуал қалыптастырылды.
        Оқушыларды ҰБТ-ға педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дайындауға арналған тренингіміздің соңында рефлекция жасалып, «Күлкіңді шеңбер бойымен өткіз» жаттығуы жүзеге асырылды.
Кумарбекова Шолпан Маметкалиевна,
 “Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп” КММ педагог-психологы.
 Есік қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1