Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АРАЛАС МЕКТЕПТЕР БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ КЕРІ ӘСЕР ЕТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АРАЛАС МЕКТЕПТЕР БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ КЕРІ ӘСЕР ЕТЕДІ

АРАЛАС МЕКТЕПТЕР БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ КЕРІ ӘСЕР ЕТЕДІ

         Елордада 15 мың оқушыға орын жетіспейді, бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 90 мыңға жетеді деген болжам бар. Мектеп тапшылығы мәселесін шешу үшін салынған аралас тілді мектептер ұлт үшін қауіпті – деді  сарапшылар MEDIA CLUB QAZAQSTAN платформасында өткен тікелей эфирде.
          Эфир барысында Нұр-СұлтандаBi Group компаниясы салған BINOM School мәселесі қозғалды. Әуел баста қазақ мектебі болады деген жалаумен ашылған инновациялық мектеп кейін аралас жүйеге көшкен. Оның себебін модератор аталған мектептің директоры Шолпан Қадыровадан сұраған болатын, алайда тұщымды жауап болмады.
         «Биыл бірінші сыныпқа өтінім бергендердің 70%-ы қазақ тілді балалар. Қалған ата-аналар орыс тіліндегі сынып ашуды сұрайды. Бүгінде елімізде аралас тілді мектептер саны көбеюде. Бірақ таза орыс тілінде оқытатын мектептер азайды. Себебі, олар орыс мектебінен аралас тілді мектепке айналып жатыр»,- деді Шолпан Қадырова.
         Эфир модераторы Ерболат Мұхамеджанның пікірінше, аралас мектептер, бала тәрбиесіне кері әсер етеді.  Бүгінде олардың 90%-ында жиналыс, тәрбие сағаттары орыс тілінде өтіп, қоңырау уақытында оқушылар ресми тілде сөйлеседі.
         «Елімізде аралас мектептер саны 30%-ды құрайды. Білім және ғылым министрлігіндегі Ұлттық білім беру деректер қорының 2021 жылғы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық бала 2047 аралас тілді мектепте білім алуда.  Аралас мектептердің саны басым өңірлердің көшін Алматы облысы бастап тұр. Ондағы 306 аралас мектепте 256 020 оқушы білім алуда.  Маңғыстау облысындағы  15 аралас мектепте 25 744 бала оқып жатыр»,- деп атап өтті Ерболат Мұхамеджан.
MEDIA CLUB QAZAQSTAN.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1