Альпинист еліміздің көк байрағын 5642 метр биіктікке желбіретті. Болашақта Эверест пен Килиманджаро шыңдарын бағындырмақ.
Тараз қаласының тұрғыны Анвар Ханбабаев Эльбрус шыңын бағындырғанын 24.kz хабарлайды. Альпинист Ресей, Кавказ және Еуропаның ең биік нүктесіне шықты.
34 жастағы Анвар Ханбабаевтың мамыр айында басталған сапары сегіз күнге созылды. Қазіргі уақытта ол елге оралып сүйікті ісін жалғастырмақ.
Анвар Ханбабаев, қала тұрғыны:
— Шыңды бағындыру оңай шаруа емес екендігіне тағы да көзім жетті. Аяз, боран. Оттегі жетіспейді. Артқа шегінуге намысым жібермеді. Туған-туыстарым, жерлестерімнің қолдауының арқасында мақсатыма жеттім. Түскі сағат 12:18 шамасында Эльбрусқа көтерілдім. Қазақстанның туын шығарып желбіреттім. Көкірегімді мақтаныш кернеп, ерекше сезімге бөлендім. Осылайша Егемендігіміздің 30 жылдығына ерекше үлес қосқым келді.
Мадина УМБЕТКУЛОВА
М.Құрмағалиева атындағы 32 мектеп-гимназияның
11 “В» сынып оқушысы.
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы.