Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АНАЛАРДЫ АРДАҚТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АНАЛАРДЫ АРДАҚТАДЫ

АНАЛАРДЫ АРДАҚТАДЫ

          Жетісай ауданына қарасты «Жаңа ауыл» ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров отбасымен бірге ғасыр жасаған қарияларды мерекесімен құттықтап, ақ батасын алды.
       «Жаңа ауыл» ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров а,аларымыздың төл мерекесіне орай «Ынтымақ» елді мекенінің қадірлі тұрғындары – 103 жасқа толған Баймұратова Айсара және Байғабекова Үрімай атты ақ жаулықты аналарымыздың отбасыларына арнайы барып,  мерекемен шын жүректен құттықтады.
          1919 жылы дүние есігін ашқан Айсара апамыз балалар үйінен тәрбиеленіп шығып, Ұлы Отан және Жапон соғысына қатысқан. Ал соғыстан кейінгі жылдары, тың және тыңайған жерлерді игеруге белсене атсалысып, тіпті канал да қазған. Отбасын құрып 3 қыз, 2 ұл тәрбилеп өсіріп, олардан бүгінде 40 астам немере және 4 шөпшек көріп отыр. Анамыздың 2 қызы және 2 келіні «Батыр ана» атанған.
         Байғабекова Үрімай анамызда кезінде еңбекке ерте араласып, тың игеру жұмыстарына да белсене қатысқан, 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 40-тан астам немере, шөбере, шөпшек сүйіп, балаларының арасында бақытты ғұмыр кешуде.
        – Жүз жастан асқан кейуаналардың ауылына келіп, ақ батасын алу сәті түсті. Аға ұрпақтың қайтпас қайсарлығы мен төзімділігі — бізге үлгі. Соғыс пен аштықты, жоқшылықты көрген алдыңғы буын аға-апаларымыз — нағыз темір адамдар. Бізді бейбіт күнге жеткізген, бар өмірін еңбекке арнаған жандардың алдында қашанда бас иеміз, — деді ауыл әкімі Н. Бахтияров өзінің мерекелік құттықтау сөзінде.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1