БилікЖаңалықтар

USAID және KazAID агенттіктерінің даму және гуманитарлық көмек саласындағы ынтымақтастығы

Қаралым: 25
2021 жылғы 12 қаңтар, Нұр-Сұлтан қаласы — АҚШ Халықаралық  даму агенттігінің (USAID) әкімшісі көмекшісінің міндетін атқарушы Хавьер Пьедра мен “KazAID” қазақстандық халықаралық даму агенттігінің үйлестірушісі Жошыбаев Рапиль даму және гуманитарлық көмек саласындағы ынтымақтастықты нығайту және екі агенттіктің арасындағы қарым-қатынастың болашақ стратегиялық мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында кездесу өткізді.
Сондай-ақ, қатысушылар арасында АҚШ Миссиясы тарапынан Бас консул Эрик Майер, АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің Орталық Азия бойынша директоры Кристофер Эдвардс және Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тарапынан Көпжақты экономикалық ынтымақтастық және дамуға ресми көмек басқармасының басшысы Әсет Махметов және Қазақстандық халықаралық даму агенттігін құру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Айнұр Түймебекова қатысты.
Кездесу барысында әкімші көмекшісінің міндетін атқарушы Пьедра Қазақстанның қарқынды дамуы туралы ойымен бөлісті. Ол Қазақстанның  аз уақыттың ішінде, 1992 жылдан бері АҚШ USAID көмегін алушыдан АҚШ-пен бірлестікте Орталық Азия мемлекеттерінің дамуына қолдау көрсетуші халықаралық донорға айналғанын баса айтты. Сонымен қатар, Пьедра Құрама Штаттар мен Қазақстан Республикасының арасындағы ортақ мүдделер мен құндылықтарға негізделген стратегиялық серіктестікті сөз етті.
Әкімші көмекшісінің міндетін атқарушы Пьедра Қазақстанға жалғасын тауып келе жатқан ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, осы кездесудің екі агенттік арасындағы қолдау көрсету аясында ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастықтың алғашқы қадамы болатынына сенім білдірді.
###
USAID әлемдегі даму жөніндегі озық халықаралық агенттік болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін USAID Central Asia веб-сайтын және Facebook парақшасын қараңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *