Экономика

USAID Орталық Азиядағы сауда жөніндегі жаңа бағдарламаның іске қосылуы туралы жариялайды

Қаралым: 77
5 қазан 2021 жыл, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан 
              –  АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түркіменстанда және Өзбекстанда іске асырылатын, жалпы құны 19 миллион АҚШ долларын құрайтын жаңа бесжылдық сауда жөніндегі бағдарламасы туралы жария етті. Бағдарламаның жаңа бағыты өңірлік сауда-саттыққа, кәсіпорындарды дамытуға және өңірлердің өзара байланыстылығына қолдау көрсету саласындағы USAID-тың көпжылдық жетістіктеріне негізделетін болады. USAID-тың Орталық Азиядағы сауда жөніндегі бағдарламасы мемлекеттік және жеке меншік секторға техникалық көмек көрсете отырып, үш стратегиялық мақсатқа жетудің ынталандырушы тәсілін қолданбақ.
         Біріншіден, бұл қызмет шығындар мен күту уақытын азайту мақсатымен кедендік және шекаралық операцияларды үйлестіруге, сондай-ақ аймақтағы экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталады. Екіншіден, бағдарлама дамуды ынталандыратын және инвестицияларды көбейтетін реформаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайтады. Үшіншіден, аталған бағдарлама мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікті және аймақтағы компаниялардың, сондай-ақ Орталық Азия мен бүкіл әлем компанияларының арасында трансшекаралық сауда-саттықтың дамуын қамтитын болады.
###
               USAID озық халықаралық даму агенттігі болып табылады және тұрақты дамуға жетуді қарқындату құралы рөлін атқарады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азия бойынша USAID веб-сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook парақшасына кіріңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *