Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
SAQBOL ҚОСЫМШАСЫ 100 МЫҢНАН АСТАМ РЕТ ЖҮКТЕЛГЕН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » SAQBOL ҚОСЫМШАСЫ 100 МЫҢНАН АСТАМ РЕТ ЖҮКТЕЛГЕН

SAQBOL ҚОСЫМШАСЫ 100 МЫҢНАН АСТАМ РЕТ ЖҮКТЕЛГЕН

2020 жылғы 4 желтоқсан.   Нұр-Сұлтан қ.
«Saqbol» мобильді қосымшасы 100 мың пайдаланушының белгісін еңсерді, олардың 100-ден астамы COVID-19 науқастарымен байланыс туралы хабарлама алды.
«Saqbol» қосымшасы коронавирустық инфекцияның таралуын COVID-19 жұқтыру қаупі туралы пайдаланушыларды ескерту жолымен азайту үшін жасалған.
«100 мыңдық жүктеу – бұл өте жақсы көрсеткіш, өйткені қосымша тек қазан айында іске қосылды, бірақ бұл да жеткіліксіз. Тиімді болуы үшін ел тұрғындарының кем дегенде 60%-ы қосымшаны смартфондарына орнатуы керек. Сондықтан мен қазақстандықтарды Сіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін «Saqbol» қосымшасын жүктеуге және ПТР-тест оң болған жағдайда хабарлама жіберуден қорықпауға шақырамын. Хабарламалар анонимді, ауырғандардың аты-жөнін, мекенжайын, байланыстарын, орналасқан жерін көрсетудің қажеті жоқ», — деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Saqbol пайдаланушылардың телефондары арасында Bluetooth арқылы шифрланған деректерді беру арқылы жұмыс істейді. Егер адам COVID-19 ПТР тестін тапсырса және оң сынақтан өтсе, ол соңғы 14 күн ішінде 2 метр қашықтықта 5 минуттан артық байланыста болған адамдарға жасырын түрде ескерту жасай алады. Мұндай хабарламаны 100-ден астам адам алды. Пайдаланушы онымен байланысқан кезде және қай жерде covid-19 ауруы туралы мәліметтер берілмейді.
Қосымша GooglePlay мен АppStore дүкендерінде қолжетімді.
Қосымша ақпарат:
Анар Мағзұмова
Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы
+7 7172 740596
+77775552085
* * * * * * * *
Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1