ЖуырдаАстанадағы NIS-тетұңғышрет «Samgau» түлектерфорумыөтті. Басты тақырып – «EdGiving Alumni NIS: сүйікті мектепке оралу».
Ауқымды шараға мектептің алғашқы түлектері бастаған 20 жуық қатысушы келді.
– Әрбір түлек – біздің мектебіміздің тарихы. IB – мүмкіндік болса, NIS – үлкен отбасы, – деп мектеп директоры Сабыржан Сәдуақасов «SAMGAU» қатысушыларын қарсы алды.
Ашылу салтанаты сәтті өткен соң шара сессия бағдарламасына ұласты. Жиналған қонақ түлектер өз оқу орындары туралы нақты әрі түсінікті мәліметтер беріп, оқушылар тарапынан үнемі қойылатын маңызды сауалдарға жауап берді.
Сессиялар барысында сөз алған мектептің 2017 жылғы түлегі Нұрпейіс Баймұқан өз сөзінде:
– Күн сайын жасалған кішкентай қадамдар арқылы армандар орындалады, – дейді.
Мектеп оқушылары сонымен қатар әлеуметтік, техникалық және білім беру тақырыптарына арналған ғылыми-зерттеу және жеке жобаларын таныстырды.
Соңғы деректерге сәйкес Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 874 түлек тәмәмдаған. Cоңғы үш жылдың қорытындысы бойынша мектеп түлектері әлемдік және отандық үздік университеттерге шақырту алған. Олардың ішінде Шырмауық лигасының және беделді Массачусетс технологиялық институтының толық грант иегерлері де бар.
Форум NIS Аlumni түлектер қауымдастығы мен Зияткерлік мектептерді дамыту қорының бастамасымен өтті.