«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес, «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ аясында –аудандық мәслихатқа үміткер Оспан Асанов, Гүлжан Убайдина, Гүлмира Саржанова және Ғазиза Шүкірбаева «Есіктен-Есікке» акциясы аясында Ынтымақ ауылында болдық. Мұнда біз аз қамтамасыз етілген отбасына барып, олардың жеке күәліктерін ала алмай, үй кезегіне тұра алмай, денсаулығына байланысты мүгедектікке шыға алмай жатқандығын анықтадық.
«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарын әрқашан қолдайтынын айтып, бұл отбасының мәселесіне көмек беретінін жеткіздік. Отбасы мүшелері бізге өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы сайлауда партиясызға дауыс беретіндіктерін айтты.
Сондай-ақ, «Қариясы бар ел қазыналы» демекші, Жаңа ауыл ауылдық округінің қадірлі қариялары – Кәрімбай қажы мен Құрал Күзеров ақсақалдарымен кездесіп, олардың ақ батасын алдық.