Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА "КЕШКІ ЛИГА" ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА «КЕШКІ ЛИГА» ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА «КЕШКІ ЛИГА» ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

       Жұмыссыз жастар және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру — қазіргі таңда өзекті мәселе. Олардың басын бір ортаға қосып, қоғамдық ортаға бейімдеу және сол арқылы мәселелерін нақты зерделеу үшін ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кешкі лига» ойындары басталды.
      Аталған жоба аудан бойынша 2 кент пен 67 елдімекеннің барлығын қамтып, әрбір елдімекенде аптасына кемінде 2-3 рет спорттық жарыстар өткізілуде. Сондай-ақ, жыл басынан қазіргі таңға дейін 300-ге жуық спорттық командалар құрылып үлгерген.
      Елдімекеннің әрбір жасын, оның ішінде neet санатындағы жастарды спортқа, қоғамдық ортаға тарта отырып, олардың кешкі уақыттарын тиімді пайдалану, бұқаралық спортты насихаттау және ең бастысы олармен сұхбаттасу, еркін пікір алмасу арқылы мәселелерін анықтау — «Кешкі лига» жобасының басты мақсаты.
       Ауданның жастар орталығының директоры Сүндет Кенжебаев ауыл жастарын қолдауға арналған жоба көпке үлгі болып, спорттық жарыстар елдімекендерде дәстүрге айналып жатқанын атап өтті.
       «Жобамыздың «Кешкі лига» аталуының өзінде үлкен мағына жатыр. Себебі,  әрбір матч кешкі мезгілде, жастарымыздың қолы бос уақытта өтеді. Біз орталық тарапынан координатор ретінде елдімекендерде спорттық алаңның ашылуына рұқсат алып беріп, әрбір елдімекеннен көшбасшыларын тағайындадық. Мейлі, ол шағын футбол алаңшасы болсын, мейлі ол мектептердің спорт залы немесе стадионы болсын, жастарымыз үшін кешкі уақытта бәрінің есігін айқара ашып беріп отырмыз» — деді С.Кендебаев.
       Айта кетейік, «Жастар лигасы» жобасы аясында елдімекендердегі үздік спортшы жастарды да анықтап, олар облыстық, республикалық жарыстарда ауданымыздың намысын қорғау үшін іріктелетін болады.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1