ӘлеуметДінЖас буынӨзекті мәселеРуханият

ДІН БІРЛІГІ – ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ

Қаралым: 25
      Жуырда біздің кітапханамызда «Сейтан ата» мешітінің имамының көмекшісі Қажмұхан Қосбаев ағамыздың қатысуымен «Дін бірлігі-ел тұтастығы» атты сұрақтар мен жауаптар  кеші  болып өтті.
      Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға діни тәрбие бере  отырып, адамгершілікке, имандылыққа, бойдағы рухани тазалықты сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау. Жастардың өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру. Ислам діні – Жер бетіне тек тазалық пен тәртіп, адамдар арасында достық, әділдік қалыптастырушы екенін жас буынға түсіндіру.
      Маңызы ерекше осы іс-шра барысында жастарға кең көлемде экстремизм және террорлық іс-әрекеттердің салдары туралы және оның мемлекетке төндіретін қауіп-қатері жайлы құнды ақпараттар айтылды. Террорлық  іс-әрекеттердің  туындауы  және алдын  алу шараларын ұйымдастырып келешек ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру, жастарды теріс ағымдарға кіріп кетпеуге, тәрбие тал бесіктен дегендей балаларды ата-анасы  үй жағдайында да қадағалап отыру қажеттілігі жайлы сұрақ-жауаптар мен ой-пікірлер де айтылды
     Қорытынды бөлімде XXІ ғасырда жастар интернет желісі арқылы түрлі жалған ақпараттар  алып, байқаусызда түрлі жат ағымдарға кіріп кетпеулері үшін  осындай іс-шаралар, кездесу  кештері  жиі өтіп тұру жайлы жақсы  ұсыныстар айтылды. Оқушылар да шара барысында өз сұрақтарын қойып белсенділік танытты.
Д БИЛИМБЕТОВА,
 Жамбыл а/о., Кеңесшіл ауылдық  филиал №13 кітапхананың меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *