PRESS RELEASEЖаңалықтарҚылмыс пен жазаМаман кеңесі

KZ-CERT 300-ДЕН АСТАМ КАЗНЕТ САЙТЫН ҚОРҒАДЫ

Қаралым: 24
 
13.05.2022ж.
 
Нұр-Сұлтан қ.
          Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қатерлері тұрғысынан мониторингтеу барысында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (бұдан әрі — KZ-CERT) «October» контентін басқару жүйесімен байланысы бар CVE-2021-32648 сәйкестендіргішімен осалдыққа ықтимал бейімді 300—ден астам интернет-ресурсты анықтады.
           October CMS-жүйесінің CVE-2021-32648 осалдығы зиянкеске әкімшілік панелінің паролін ауыстыруға мүмкіндік береді.
Focus.ua украин порталының ақпараты бойынша 2022 жылғы 14 қаңтарда украин үкіметтік интернет-ресурстары бұзылғаны туралы ақпарат жарияланғанын естеріңізге салайық. Зиянкестер интернет-ресурсты жария етіп, барлық жеке деректер ашық қолжетімділікке жүктелгені жөнінде хабарлама қалдырған. Кейінрек сол порталда CVE-2021-32648 осалдығы табылғаны, ол арқылы  интернет-ресурстар жария етілгені бойынша ақпарат жарияланды.
         October  CMS басқаруындағы интернет-ресурстарға жасалуы мүмкін шабуылдарға жол бермеу үшін  KZ-CERT қызметі Казнетте айқындалған домендік аттар бойынша байланыс операторларының мекенжайларына және ұйымдарға келесі ұсынымдар берілген хабарламаларды жолдады:
  • October CMS-ті осалдықтары жойылған өзекті нұсқасына дейін жаңарту;
  • әкімшінің есептік жазбасына қауіпсіз пароль орнату;
  • CMS-тегі іс-қимылдар журналын қалыпсыз әрекеттер тұрғысынан тексеру;
  • қалыпсыз әрекеттер тұрғысынан хостинг-сервер жағындағы іс-қимылдар журналын тексеру;
  • CMS жаңартуларын уақытылы қолдану;
  • резервтік көшіруді мерзімді түрде жүзеге асыру (жүргізілмеген жағдайда);
  • интернет-ресурсты әкімшілендіру панеліне URL-жолын жасыру (стандартты директорийлерді өзгерту).
 «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ
Тел: +7-717-255-99-99          (351)
E-mail: press@ sts.kz.
incident@ cert.gov.kz.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *