БилікҚылмыс пен жазаМаман кеңесі

KZ-CERT – АСА МАҢЫЗДЫ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ КИБЕРШАБУЫЛДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қаралым: 20
            Жаппай цифрландыру мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің әдеттегі форматын онлайн-форматқа көшіру халық арасында ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) қамтамасыз ету мәселелеріне алаңдаушылықты жиірек тудыруда. Бұл шынымен күрделі процесс және мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының (МО АКИ) тұтастығын қамтамасыз ету үшін біздің еліміздің киберқауіпсіздігінің күн сайынғы сақшысы — «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ)  сарапшыларының тұтас командасы жұмыс істейді.
           Осы материалда МО-дағы АҚ жай-күйі мен жалпы Интернеттің қазақстандық сегменті (Казнет) бойынша 2021 жылдағы кибершабуылдар жөніндегі ықшамдалған  ақпарат, сондай-ақ 2022 жылғы I-тоқсандағы ақпарат көрініс тапты.
            Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын (МО ИР) қорғау үшін ИҚБШ (Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі) жабдығы пайдаланылады. Қарапайым сөзбен айтқанда, ИҚБШ трафикті әртүрлі шабуылдардан тазартатын және олардың МО АКИ-ға әсер етуіне жол бермейтін ерекше фильтр болып табылады. Бүгінгі күні МО ИР 200-ден астамы ИҚБШ құралдарымен қорғаумен қамтамасыз етілген.
2021 жыл
          Өткен жылы ИҚБШ пайдалана отырып, шамамен 82,3 млн. шабуыл бұғатталды,  оның 1,4 млн. астамы  МО ИР-ға бағытталған, соның ішінде  15 мыңнан артығы egov.kz-ке жасалған шабуылдарды құрады.
         ИҚБШ арқылы жіберілетін деректерді жан-жақты сараптамалық талдау нәтижесінде біздің сарапшылар 114 мыңнан астам АҚ қатерлерін айқындап, оларды алдағы уақытта жою үшін интернет-ресурстардың иеленушілеріне/иелеріне 1 186 хабарлама жолданды.
          Сонымен қатар, «электрондық үкімет» жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «МТҚ» АҚ түрақты негізде оларға мониторинг жүргізеді. Осылай, 2021 жылы 37 ақпараттындару объектісінде 4 326 осалдық анықталды.
        Осалдықтар тұрғысынан зерттеу жөніндегі іс-шаралардың нәтижесінде 76 МО ИР-ның маңыздылық деңгейі әртүрлі 40 осалдығы айқындалып жойылды.
        Бұдан басқа, 2021 жылы жаһандық Интернет желісінде DDoS-шабуылдар санының артуы салдарында Казнетте маңыздылық дәрежесі әртүрлі  120 мыңға жуық DDoS-шабуылдар тіркелді.
          Оның ішінде маңыздылық деңгейі жоғары 109 шабуыл қаржы секторы ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, 54 – МО, ал соның 34 — egov.kz көздеген. Қашықтықтан оқыту кезеңінде білім беру порталдарына жасалған 29 шабуыл тіркелді.
 2022 жылдың I-тоқсаны
          2022 жылғы I-тоқсанда ИҚБШ жабдығында қалыптан тыс белсенділік тіркелді. ИҚБШ жабдығына қосылған телекоммуникациялық желілерге жасалып, тойтарыс берілген шабуылдардың саны 28, 5 млн. астам АҚ оқиғасына жетті, мұнда оқиғалардың басым бөлігі аса маңызды АҚ қатерлері болып табылады.
        Сарапшылар ИҚБШ деректерінің негізінде ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды қатерлерінің БЕСТІГІН белгіледі:
№
Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің түрлері
Тіркелген және бұғатталған қатерлердің саны
1
Netcore.Netis.Devices.Hardcoded.Password.
Security.Bypass
4,522,671
2
AAEH.Botnet
3,695,376
3
Zeroaccess.Botnet
2,034,903
4
njRAT.Botnet
1,811,393
5
Pushdo.Botnet
1,322,058
          2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып, орталық мемлекеттік органдардың (МО), жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) желілерінде және квазимемлекеттік секторда (квазимемсектор) зиянды БҚ-ның 2 есе артқанын байқауға болады, ал ботнеттерді таратуға байланысты АҚ инциденттерінің саны  8, 4 төмендеді.
        АҚ қамтамасыз ету үшін мамандар адрестік кеңістігінен шабуылдар тіркелген ИР иеленушілерін оларды жою жөнінде ұсынымдар беріп, тұрақты негізде хабардар етеді, сондай-ақ шетелдік  CERT мекенжайына хабарламалар жолдайды.
         Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентіне тап болсаңыз, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша хабарлауды немесе https://t.me/kzcert тelegram-чатқа өтінім жіберуді сұрайтынымызды естеріңізге салайық.
  «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ
Тел: +7-717-255-99-99 (ішкі 351)
E-mail: press@sts.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *