Қаржы саласы

HALYK BANK-ТЕН КЕЗЕКТІ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Қаралым: 29
          Halyk Bank Жамбыл облысындағы әскери нысанда болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.
          Арнайы таратылған баспасөз хабарында: “Halyk Bank басшылығы мен банктің мыңдаған  адамнан  тұратын  ұжымы  атынан Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қазатапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары  мен жақындарының  қайғысына  ортақтасып  көңіл  айтады.  Бұл  қайғылы  оқиға  ТЖМ, әскери  бөлімнің,  әскерилендірілген  күзет  пен  әскери  прокуратура қызметкерлерінің  өмірін қиып, ел үшін  және  әрбір  қазақстандық  үшін орны толмас қайғыға айналды”. 
           Сондай-ақ, онда жарылыс кезінде ажал құшқан азаматтардың несиесін есептен шығаратыны айтылған:   “Банк  басшылығы  зардап  шеккен  отбасыларға  қолдау  ретінде  Жамбыл  облысында  жарылыс  кезінде  қаза  тапқан  Halyk  Bank  клиенттеріне  банктен  алған  қарыздарды  есептен  шығару  туралы  шешім  қабылдады.  Сіздердің  қайғыларыңызға  ортақпыз”-делінген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *