BusinessNewsPRESS RELEASEКәсіпкерлікҚаржы саласыМерекелік шара

Halyk аңызға айналған ең ірі музыкалық фестивальдің ұйымдастырушы болды

Қаралым: 48
          Алғаш рет «Азия дауысы» фестивалі 1990 жылы Алматы тауларында өтті. 15 жыл  бойы  фестиваль Еуразия  континентінің  ең маңызды мәдени оқиғаларының бірі ғана емес,  сонымен  қатар  аймақтың  музыкалық  өмірінің  символы,   таланттарды  тарту  орталығы  болды.  Орындаушылардың  бірнеше  буыны  «Азия  дауысы»  өзінің жұлдызды  мансабының  бастамасы деп атай алады. Осы  уақыт ішінде көрермендерге қанша жарқын эмоциялар берілді. Міне, 19  жылдан  кейін аңызға айналған фестиваль қайта оралады.
       Бұл  мереке  Қазақстанның  ең  ірі  медиа  холдингтерінің  бірі  Tan  Media  Group  пен  еліміздің  жетекші  банкі  Halyk  тандемінің   арқасында  мүмкін болды. Маусым айында олар ынтымақтастық туралы келісім жасасты, оны  қазірдің  өзінде  маңызды  деп атады:  фестиваль ұйымдастырушыларының  айтуынша,  банкпен  мәдениетті  дамытуға  бағытталған  ең  ірі   бір  реттік демеушілік шарт жасалды.
          «Мен Halyk  Bank  басшылығына  және Үміт  Шаяхметоваға  фестивальдің  бас серіктесі  және  бірлескен  ұйымдастырушысы   болғаны үшін алғыс айтамын. Осындай қолдауы бар іс-шара  жоғары  деңгейде  өтетініне  сенімдіміз.  Жақын  болашақта  «Азия дауысы»  Қазақстанда  ғана  емес,  бүкіл  аймақта,  тіпті  әлемде  айтулы  құбылысқа  айналатынына  сенімдімін», – деп фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов өз ойымен бөлісті.
          Halyk  Bank  түсіндіргендей,  фестивальдің қайта жандануын қолдау туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. 2023  жылы   Halyk  өзінің  жүзінші  уған  күнін  атап  өтуге дайындалып  жатыр  және  осы оқиғаның  құрметіне  «100  игі іс»  ауқымды   акциясын  өткізеді,  оның  шеңберінде  бүкіл  ел бойынша  әлеуметтік  жобалар  мен қоғамдық  маңызды  бастамаларды  іске асырады.
           Мәдениет  саласы  банктің  демеушілік  қызметінің  басым  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Айта  кету керек,  Halyk    республиканың  жетекші  театрларының  тұрақты  меценаты және  Қазақстан  мәдениетінің  дамуына  өз  үлесін  қосуға    деген ұмтылысын атап көрсетеді. Мысалы, 2023  жылдың  жазы  мен күзінде  банк еліміздің  алты  қаласында  бірқатар    музыкалық  кештер  өткізеді.  Бұл  ашық  аспан  астындағы  екі күндік  концерттік  бағдарламалар  болады,  оған  барлық   адамдар кіре алады. Әзірге Halyk демеушілігімен 28-30   шілде  аралығында  «Азия Дауысы»  фестивалі  Медеу  биік    мұз  айдынының  сахнасына  оралады.  Бір  кездері  бұл  бірегей  алаңда  Кеңес Одағының,  Қазақстанның  үздік  әртістері   мен эстраданың әлемдік жұлдыздары – Патрисия Каас, Тото Кутуньо, Boney M, Алла Пугачева, София  Ротару, Роза   Рымбаева, Валерий Леонтьев, «Ялла», «А-Студио» тобтары және тағы басқалар   жиналды.
         Бүгінгі «Азия Дауысы – “Voice  of  Asia”  фестивалінің  ұйымдастыру  комитетіне  жобаның  негізін  қалаушылар  Мұрат  Ирғалиев пен Александр Пономарев  командасының  құрамында  болған  адамдар  кіреді.  Жұмысқа  Арманжан  Байтасов,  Ирина  Ковыряко,  Біржан  Сәлімбаев,  Ержан  Барманқұлов,  Темірлан  Төлегенов, Ботагөз Алдонгарова  және  тағы  басқалар белсенді қатысады. Олар фестивальді жандандырып қана қоймай, оны  құрылтайшылардың  дәстүрлерін  сақтай отырып,  жаңа, жоғары деңгейге көтеруді мақсат етті.
          Ұйымға музыкалық ивент-индустрияда  өзін танытқан  жаңатұлғалар  да қатысады.  Осылайша,  Green  Case  компаниясына  Forbes Kazakhstan «30 жасқа дейінгі»  рейтингіне  қатысушы  Азат  Әбікеннің  басшылығымен  фестивальді  ашу және бірінші күннің маңызды концертін өткізу тапсырылды. Оның бастауын тірі аңыз-әнші  Бибігүл  Төлегенова бастайды.  Содан  кейін  сахнаға  ретродан  жаңа  қазақстандық  буынға  дейінгі  түрлі  кезеңдердегі  отандық  музыка  өкілдері шығады.
             Екінші  күні The Black Eyed Peas тобы жеке концертпен өнер көрсетеді. Фестиваль  үшінші  күні  аяқталады,  ол  музыка  аңыздарына – бұрын «Азия Дауысы» бағдарламаларында өнер көрсеткен әртістерге арналады. Ал  шведтік  Secretм Service  тобы  үлкен музыкалық шоуды аяқтай отырып, осы кештің хедлайнері болады.
            «Азия Дауысы»  фестиваліне  бір  айдан  аз уақыт  қалды.  Ұйымдастырушылар  бұл  музыкалық  оқиға жергілікті тұрғындардың  ғана  емес, жақын  және алыс  шетелдерден келген  қонақтардың  назарын  аудара  отырып,  Қазақстан  өміріндегі  ең  ірі іс-шара мәртебесіне ие болады деп үміттенеді.
           Фестивальге билеттерді kino.kz сайтынан сатып алуға болады.
https://forbes.kz/life/art/aziya_dauyisyi_vozrojdenie_legendyi

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *