PRESS RELEASEБилікХабарландыру

EGOV.KZ ПОРТАЛЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ЭЦҚ АЛУ МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОН КАМЕРАСЫ АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

Қаралым: 26
           2022 жылғы 23 сәуірден бастап eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейне тексеруі компьютердің камерасын қолданбастан қолжетімді болады.
            Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі — Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде  QR  -кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.
          «ЭЦҚ шығару eGov.kz порталында өте танымал сервис, тек осы жылдың өзінде оны 4,8 млн.рет мемлекеттік қызметтерді алу үшін жасаған. Біз азаматтардан көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деген пікір аламыз. Бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
            Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.
       Бейне нұсқаулыққа сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=64RGF5MwfCY
         Айта кету керек, QR–код арқылы бейне тексеруді өз мобильді телефоныңызда өту ұсынылады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
 
Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
 Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласыңыз:
Динара Мажитова
press@nitec.kz;
+7 (7172) 701665 іш. 6104

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *