Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«Atyraý» газеті ғасырлық мерейтойын тойлауда! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «Atyraý» газеті ғасырлық мерейтойын тойлауда!

«Atyraý» газеті ғасырлық мерейтойын тойлауда!

         БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. Мемориалдық тақта 1989-2002 жылдары «Atyraý» газетінің редакциясы орналасқан бұрынғы ғимараттың күншығыс бетіне орнатылды.
          Осылайша алдағы ғасырлық той өз бастауын алып жатыр. Салтанатты шараға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ардагерлері және облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті редакциясының қызметкерлері қатысты.
        Салтанатты шарада «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, ардагер-журналист Ермек Биғали сөз сөйлеп, облыстың төл газеті туралы естеліктерімен бөлісті. – Ғасырлық белес ішінде редакцияда талай майталман қаламгерлердің үлкен толқыны шыңдалып шыққаны да біз үшін айрықша мақтаныш.
          Осы үрдіс алға қарай да жалғасын табарына, «Atyraý» газетінің ақпарат айдынында ақ желкенін асқақтата керетініне əркез бек сенімдіміз. Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты құтты болсын! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге шабыт пен шығармашылық табыстар тілеймін, – деді Исатай Құндызбайұлы.
         Ескерткіш тақтаны ашу рәсімі «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев пен газеттің ардагері Ермек Биғалиге берілді. Атырау облысы баспасөзінің қарашаңырағы – «Аtyraý» газетінің тұңғыш нөмірі 1923 жылдың 1 сәуір күні «Ерік» деген атаумен жарық көрген еді. Қазақстанның батыс өлкесінде алғашқы ұлттық басылымның бірі ретінде бұқараның көзін ашып, көкірегіне сәуле түсіруге жұмыстанған қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған еркін мінбер бола білді.
           Газет – қашан да өз дəуірінің үні. Кеңес үкіметі кезінде газеттің атауы бірнеше рет өзгерді. 1924 жылы «Жұмыскер тілі», 1932 жылы «Жем жұмысшылары», «Ленин жолы», 1933 жылы қыркүйекте «Социалды құрылысқа», сол жылдың қарашасында «Социалды құрылыс», 1938 жылдан «Социалистік құрылыс», ал, 1963 жылдың мамырынан 1990 жылдың тамызына дейін «Коммунистік еңбек» атауымен жарық көрді. Ал, 1990 жылдан бәрі «Атырау» атауымен шығып келеді.
Алмас ҚАБДОЛОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1