ДЕПУТАТ ТАЛҒАТ ҚАРЖАУОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫН ТАБЫСТАДЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 53
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қаржауов Талғат Рахматуллаұлы Жетісай ауданына арнайы келіп, жергілікті тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізді. Осы қоғамдық қабылдауға келген азаматтар депутатқа өздерін толғандырған әлеуметтік, инфрақұрылымдық және тұрмыстық мәселелерін айтып, соларды оң шешуге жәрдем беруін сұрады.
Қоғамдық қабылдау барысында депутат өзіне айтылған әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табуға көмектесуге уәде берді. Сондай-ақ, бірқатар мәселелер бойынша тиісті мекемелерге жолдама беріліп, тұрғындарға нақты түсініктемелер ұсынылды. Осындай маңызды іс-шараның соңында халық қалаулысы «Балаларды мектепке даярлайық» атты республикалық қайырымдылық акциясы аясында қабылдауына келген бес отбасының он баласына мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
Өз кезегінде аудан тұрындары Талғат Рахматулланың бұл сыйына өз ризашылықтарын білдіріп, оның депутаттық жұмысына сәттіліктер тіледі.