Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЕТІСАЙДА ӨСІРІЛГЕН ҚАУЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ЖЕТІСАЙДА ӨСІРІЛГЕН ҚАУЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ

ЖЕТІСАЙДА ӨСІРІЛГЕН ҚАУЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ

        Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 78 мың гектар суармалы жердің 49,5 мың гектарына мақта шитін сепсе, 17 мың гектар жерге бақша, 3,5 мың жерге дәндік жүгері, 2,3 мың га жерге көкөністер мен тағы басқа дақылдарды егіп отыр.  Осы алқаптарда өсірілген бақша дақылдарының алғашқы өнімдері – Жетісайдың қауын-қарбыздары пісіп, ішкі рыноктармен қатар, бүгінде  шет елдерге де экспортталып жатыр.
        Жетісай ауданының тұрғыны Қобыланды Түймешев 30 жылға жуық уақыттан бері жер еміп, диханшылықпен айналысып келеді. Жаңа ауыл ауылдық округіндегі 150 гектар жеріне түрлі дақылдарды егіп, “Әділет” шаруа қожалығын ашқан. Жылдағы әдеті бойынша биыл да өнімін өзгелерден ерте нарыққа шығарып отыр.
        Қожалық төрағасы иелігіндегі 150 гектар егістігінің 100 гектарына қауынның дакар, аэропорт, бакинка, эфиопка сынды сорттарын егіп, оның 20 гектарынан өнім жинауды бастады. Ақпанның соңында отырғызылған көшеттер жоспардағы 65 күнде емес, ауа-райының жауын-шашынды болуы салдарынан 90 күнде дайын болып отыр. Енді сұранысқа сәйкес Ресей Федерациясының Мәскеу, Самара қалаларына экспортталып жатыр. Баға да жаман емес, 810 теңге.
        “Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл кештеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді.   Алғашқы өнімдерімізді Ресейге экспорттап жатырмыз. Ол жерде баға қауынның келісіне 120 рубль, яғни, 810 теңге. Ешқандай делдалсыз өнімді егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, жіберіп жатырмыз.   Мұнан бөлек, 20 гектарға жоңышқа мен жүгері, 10 гектарға қырыққабат пен баклажан, 20 гектарға қарбыз еккенбіз. Құдай қаласа жылдағыдай жақсы өнім аламыз деген ниетіміз бар” дейді “Әділет” шаруа қожалығының төрағасы Қобыланды Түймешев.
       «Жаңа ауыл» ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияровтың мәліметіне сүйенсек 7283 гектар суармалы жері бар округте бүгінде 5339 гектарға мақта шиті егіліп, 45,5 гектарға көкөніс, 1163 гектарға бақша дақылдары орналастырылған. Оның ішінде пленка астына егілген қауынның көлемі 978 гектарды, ашық топыраққа егілгег қауын 225 гектарды құрап отыр. Ал, 220 гектарға қарбыз егілген.
         Айта кетейік, биылғы жылы бақша дақылдары егілген аудандағы 17 мың гектарға 500 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр. Ал былтырғы жылы жетісайлық шаруалар 21 мың гектарға егілген бақша дақылдарынан 625 мың тоннадан астам өнім алып, облыста «Үздік бақша өндіруші аудан» атанған болатын.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...