Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Жуырда, Жетісай қаласында, Бас санитарлық дәрігерінің м.а. Алдан Ахметовпен, санитарлық жайға қатысты қабылданған №45 санды қаулыны жұртшылыққа егжей-тегжейлі түсіндіру мен оның әсіресе  кәсіпкерік саласына қатысты бөлігіне айырықша тоқталып, ескерілмей жүрген жерлерін түсіндіруге қатысты  мобилдік топтар және кәсіпкерлермен бірге  ауқымды жиын өтті.
Кездесу кезінде  мониторинг топтарының жұмысы талқыланып, кәсіпкерлер тарапынан бірқатар наразылықтар көтерілді. Сонымен қатар, қызметі шектеулі кейбір кәсіп түрлерінің (құрылыс дүкендері, моншалар) қызметінің уақытын ұзарту қажеттілігі аталып, соған қатысты ұсыныстар санитарлық дәрігер тарапынан қолдау тапты.
Қазіргі кезде облысымыздағы эпидемиологиялық жағдай еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда біршама тұрақты әрі облысымыз «жасыл зонада» тұр. Алайда, той-томалақ облысымыздың барлық аудандарда әлі де болып жатыр. Демек эпидемиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін біле тұрса да, той жасайтындарда тоқтам болмай тұр. Сол тойға жан-жақтан тамыр-таныс жиналатыны анық. Бұған тосқауыл қойылмаса, қалған тірліктің бәрі бекер болатыны белгілі.
Жиын қорытындысында көпшілікке елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге айыппұлдар салынатындығы жеткізілді.
Түркістан облыстық кәсіпкерлік палатасының 
Мақтаарал аудандық филиалы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!