Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«7-20-25» САНДЫҚ ИПОТЕКАҒА АЙНАЛДЫ. БАҒДАРЛАМАҒА FREEDOM FINANCE BANK ҚОСЫЛЫП ОТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қаржы саласы » «7-20-25» САНДЫҚ ИПОТЕКАҒА АЙНАЛДЫ. БАҒДАРЛАМАҒА FREEDOM FINANCE BANK ҚОСЫЛЫП ОТЫР

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

«7-20-25» САНДЫҚ ИПОТЕКАҒА АЙНАЛДЫ. БАҒДАРЛАМАҒА FREEDOM FINANCE BANK ҚОСЫЛЫП ОТЫР

Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасының қатысушысы болды. Қазақстанның орнықтылық қоры мен «Фридом Финанс Қазақстан Банкі» АҚ арасында тиісті келісімге қол қойылды.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасын өзінің цифрлық ипотекасы негізінде іске асырмақ. Осылайша, азаматтар «7-20-25» бағдарламасының жеңіл шарттарын пайдалана отырып, онлайн режимде құрылыс компаниясынан пәтер таңдап, ипотеканы рәсімдей алатын болады.​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасының мүмкіндіктері мен ауқымын кеңейтеді. Тұрғын үй бағдарламасының жеңілдіктері мен банктің цифрлық технологиялары азаматтардың қолайлығын, жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді «, – деді «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ​ басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдыков.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «7-20-25» бағдарламасының артықшылықтары оның атауында көрсетілген. Қарыздар төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша – жылдық 7%, 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының 20 пайызын құрайды. Несиелеу объектісі — бастапқы жылжымайтын мүлік. Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге, Қарағанды үшін 20 млн теңге, қалған өңірлер үшін 15 млн теңге. Қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды. 2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша 471 млрд теңге сомасына 38 052 қарыз берілді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Осылайша, «7-20-25» бағдарламасына екінші деңгейдегі 9 ірі банк қатысады: ЦентрКредит Банкі, Сбербанк, Халық банк, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan bank, ForteBank, Altyn Bank және Freedom Finance Bank.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Freedom Finance Bank арқылы «7-20-25» ипотекасын алу мәселелері бойынша толық кеңесті 595 нөміріндегі Call-орталық арқылы алуға болады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1