Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
2026 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 2026 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

2026 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

          Облысымыздың әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың өмір сүрулеріне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында біздің ауданда 6 миллиард теңгенің ауқымды жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
         Қайта құрылғанына биыл 6 жыл толып отырған ауданымызда барлығы  69 елді мекен бар. Бүгінгі күні оның 45-і табиғи газбен қамтамасыз етілсе, 23 елді мекенге жобалау сметалық құжаттамалары толығымен әзірленіп, 19 ауылға республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген 4,5 миллиард қаржының есебінен көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған 4 елді мекеннің де тиісті құжаттары толығымен әзірленіп, қаржы бөлдіру мақсатында салалық басқармаларға ұсынылған. Сала мамандарының айтуынша, 2026 жылы мақтааралдықтар табиғи газды толығымен 100 пайыз пайдаланатын болады.
          Бүгінде ауданымызда елді мекен санымен есептегенде табиғи газбен қамту көрсеткіші 65 пайыз болса, халық саны бойынша есептегенде 75пайызға жеткен. 19 елді мекеннің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталса, 95 пайызға жететін болады. Сонымен қатар, ауданда биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 36 шақырымды құрайтын 38 көшеге, жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 20 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайдағы ішкі көшелердің үлесін арттыру көзделіп отыр. Бұған себеп 556 шақырым ішкі көшелері бар аудан жолдарының 30 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда.
          2023 жылы ауданымызда «Ауыл – ел бесігі» бағдардамасы аясында 80 дана ішкі көшелерге бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаржыға орта жөндеу жүргізілген ауданда 54 елді мекенде тәулік бойы, 13 елді мекенде кестемен ауыз су беріледі.
           Айта кетерлігі бүгінгі таңда кестемен берілетін 13 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, оның 4-еуіне мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде өткен жылы құрылысы басталған «А.Қалыбеков» ауылдық округіне қарасты «Жаңа жол» елді мекені мен «Мақтаарал» ауылдық округіне қарасты «Азаттық» елді мекенінің ауыз су құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қабылдау жұмыстары жүріп жатыр.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1