2019 жылы Қарағанды қаласында Qazaq club-тың қаржылай қолдауымен Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған «Қазақ күнтізбесінің» тұсауы кесілген болатын. Содан бері тұрақты түрде әр жылға арналған күнтізбелер жарық көруде. Онда қазақ халқының мақтан тұтар перзенттері, ерекше тарихи даталар мен т.б. маңызды оқиғалар туралы құнды деректер келтірілген.
Қуантарлығы сол игі дәстүр өз жалғасын тауып, 2024 жылға арналған күнтізбе де жарық көрді. Көпшілікке ұсынылып отырған күнтізбенің қолға ұстап жүруге ыңғайлы шағын түрінен бастап, үстел үстіне қоюға болмаса үй не кеңсенің қабырғасына іліп қоюға лайықталған түрлері де бар. Сапалы жасалған өнімдердің бағалары да қолжетімді. Мысалға шағын түрлерінің бағасы 250-ақ теңге. Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар.