Бүгінде Түркістан облысындағы Жетісай қаласы күннен-күнге қарқынды дамуда. Жыл сайын халық саны артып бара жатқан осы қалада жаңадан тұрғын үйлер мен түрлі мақсаттағы ғимараттар пайдалануға берілуде. Әрине, олардың қажеттілігін орындау үшін қажетті мөлшерде электр энергиясының керектігі де белгілі жай.
Жетісай қаласы әкімдігінен алынған мәліметтерге қарағанда, осы мақсат үшін алдағы уақытта Жетісай қаласындағы 80 гектарлық аумақта 110/35/10 кВ. қосалқы станциялардың құрылысы аяқталатын болады. Соның нәтижесінде қала аумағындағы 12 көпқабатты 440 пәтерлі үй немесе 1842 абонент тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады.
Алдағы уақыттарда электр қуатын өндіретін осындай станциялардың жаңалары салынып, ал жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіру жоспарлануда. Соның арқасында Жетісай қаласы тұрғындарының электр қуатына деген сұраныстары толығымен қанағаттандырылып, әлеуметтік мақсаттағы көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасалатын болады.
Ұлжан СӘБИТ,
Жетісай ауданы.