Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        (Бұл күні 1899 жылы қазақтың көрнекті ғалымы Қаныш Сәтбай туған)
        (Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтібесінде бұл күн Қазақ ғалымдары күні болып белгіленді. Күнтізбе 2019 жылы Қарағанды қаласында Qazaq club-тың бастамасымен таныстырылды).
Ғылымның тербеп бесігін,
Бойында ойы жалындар.
Тарихтың тылсым есігін
Тартады тілге ғалымдар.
Бұлқынып жүрек,жанымен,
Көңілде толқып дара мұң.
Беріден тіпті әріден,
Қаузайды ғасыр парағын.
Ғылымның сіңсе жұпары,
Ғалымның сөзі — көрнекті.
Тұғыр ғып бізге тұтады,
Бабалар тұтқан өрнекті.
Жаңалық тапса өрелі,
Ілкіп ап сөздің қаймағын.
Сәуле ғып содан төгеді,
Ескінің есті байламын.
Ой түйіп айтса сәтімен,
Оған да қажет зергерлік,
Ғалымның жазған хатымен,
Тарихтың тілін меңгердік.
Құттаймыз заңғар ғалым деп,
Ғылымға қосты үлгіні.
Дүниеге келген дарын боп,
Ер Қаныш Сәтбай бұл күні.
Енді де құтты қадамға,
Сәуле боп сөнбес шашылды.
Мәшһүр боп аты ғаламға,
Қазақтың даңқын асырды.
«Ғалымның хаты өлмейді»,
Тұтатын бетке салтым сол.
Ғасырлар бойы өрлейді,
Қаныштар салған даңғыл жол.
Наурызбай ЖАРБОСЫНҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1