NewsPRESS RELEASEЖаңалықтарМерекелік шара

1 ШІЛДЕ – ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қаралым: 23
          Жетісай қаласындағы орталық саябақта 1 шілде – Ұлттық домбыра күні аталып өтті.
           Ұлы даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатқан ұлттық аспабымыз – қасиетті домбыра күнін атап өтуге ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры», күйші-сазгер Бөрі Иса бастаған Жетісай аудандық мәдениет үйі жанындағы «Жетісай сазы» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі және аудандағы шығармашылық өнер мектептері белсене қатысып, қазақтың қасиетті домбырасы арқылы өз өнерлерін көрсетті.
        Сонымен қатар, мерекелік іс-шараға арнайы қатысқан «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров аудан тұрғындарын 1 шілде – Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірсе, Жетісай аудандық мәдениет үйінің басшысы Перизат Тажибаева концерттік бағдарламада өнер көрсеткен аудандағы шығармашылық өнер мектептерін алғыс хаттармен марапаттады.
Б.НАЙМАНОВ. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *