Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өзбекстан Республикасындағы әскери қару-жарақ қоймасында болған жарылысқа байланысты аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребековтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті.
Жиынға облыстық ТЖД-нің азаматтық қорғау полковнигі Т.Досалиев, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлім басшылары, Атакент кенті мен Жамбыл, Бірлік, Еңбекші, Иіржар, А.Қалыбеков ауылдық округінің әкімдері қатысты.
Күні кеше өткен штаб отырысында жарылыстан аудан аумағындағы елді мекендерде зардап шегу жағдайлары бойынша бағыттық тапсырмалар беріліп, зерделеніп, анықтау жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі жиында соның нәтижесі туралы баяндалды.
Негізінен, жарылыс дүмпуінен шекараға жақын аумақтағы көпқабатты санаулы әлеуметтік нысандардың терезелері сынғаны анықталып отыр. Ал, жеке тұрғын үйлерге келген зардаптар бойынша жергілікті атқарушы органдарға шағым түспеген.
Штабтың төрағасы Бейсенбай Тасболатұлы тарапынан мекемелердің есебінен шұғыл түрде әлеуметтік нысандардың терезелерін қалпына келтіру бойынша тапсырма берілді. Ал, жеке тұрғын үйлер бойынша шағымданып келген азаматтарға жергілікті аудандық мәслихаттың депутаттары мен кәсіпкерлердің есебінен көмек көрсетілетін болады.
Жиын барысында құлаған тұрғын үйлер немесе қатты зардап шеккен әлеуметтік нысандар жоқ екендігі айтылды. Денсаулығы бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне шағымданып келген азаматтар да тіркелмеген.
Қазіргі таңда барлық елдімекендерде коммналдық қызметтер (ауыз су, газ, электр) үзіліссіз берілуде.
Айта кетейік, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ұлттық сараптама орталығы тарапынан жер, ауыз су, ауаның сынамасы алынып, нәтижесі 4 күннің ішінде жарияланатын болады.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1