ҚоғамЭкономика

ӘУЕ РЕЙСТЕРІ 1-ШІ ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП АШЫЛАДЫ

Қаралым: 54

«Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістан қаласына 1 желтоқсаннан бастап әуе рейстері ұша бастаса, алғашқы рейс Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша орындалады. Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде»- деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз-қызметі.

Алғашқы уақытта – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайынғы рейстерді 3 қазақстандық «Fly Arystan», «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компанияларының орындауы жоспарланса,   «Fly Arystan» әуе компаниясы қазірден-ақ,  бұл бағыттар бойынша әуе билеттерді сатуды бастап жіберіпті. Әуе билеттерінің бағасы Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары арасында 6999 теңгеден, ал Алматы мен Түркістан қалалары арасында 5999 теңгеден басталады.

Жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр құрайтын халықаралық әуежай заманауи технологиялар қолданыла отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған. Әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар болса, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метрді құрайды.  Ол Түркістан қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан

Сондай-ақ, Түркістандық әуежай келешекте  шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылып,  бұл жерден Қазақстанның басқа да облыс орталықтарына, Мекке мен Стамбулға да рейстер ашу жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *