NewsPRESS RELEASEЖаңалықтарСаясат

ӘЗІРГЕ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА 7 ПАРТИЯ МҮМКІНДІК АЛДЫ

Қаралым: 45
       ҚР Орталық сайлау комиисиясы  – 2023 жылғы қаңтардың 21-күні  ҚР Парламентінң Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына қатысуға еліміздің 7 партиясы мүмкіндік алғанын хабарлады.  Сондай-ақ, 8 ақпанға дейін еліміздің Әділет министрлігіне тіркеліп, құжаттары Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы туралы заңына тура келген басқа партиялар да осы сайлауға қатыса алады.
        Осы 7 партияға қысқаша тоқталып кетсек: бұлардың  5-еуі көпшілікке жақсы танымал партиялар болса, «Байтақ» пен «Республика» жақында ғана ресми тіркеуден өткен партиялар болып саналады.
  1. «Қазақстанның Халық партиясы» – 2002 жылы сәуір айында тіркелген.
  2. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2000 жылы наурыз айында тіркелген.
  3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 2007 жылы қаңтар айында тіркелген.
  4. «AMANAT» партиясы – 1999 жылы ақпан айында тіркелген.
  5. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1999 жылы ақпан айында тіркелген.
  6. «Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы – 2022 жылы қараша айында тіркелген.
  7. «Республика» партиясы – 2023 жылы қаңтар айында тіркелген.
        Айта кетерлігі, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарға үміткерлерді ұсыну мерзімі – 20-қаңтардан, 18-ақпанғы  кешкі 18:00 дейін жалғасады. Ал, үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары 18-ақпан күні 18:00 ден 18-наурыз түнгі 00:00 дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *