Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ

ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ

       Қайғылы жағдайда  қаза болған ҰҚК Авиация  қызметі әскери  қызметшілері – авиация  бөлімінің штурманы,  майор Ғабит Есімдеұлы Барлықбаев (1984 жыл),  ұшу  тобының  борт-технигі, капитан Досжан Ғалымбекұлы Баймұратов (1985 жыл),  ұшу тобының  экипажының  штурманы, аға  лейтенант Мұхтар Қажымұқанұлы Сағымбаев (1994 жыл)  ұшу тобының  аға борт механигі, сержант Васильков Евгений Борисович (1985 жыл) еліме  қызмет етем деп жүріп жұлдыздай жарқ етіп етіп сөнген жандарыңыз жұмақтың  төрінен  орын алсын! Ет-жақындарын мен ата-ана,  бауыр,  туғандарыңа  қайғырып  көңіл айтамын!
       Жалпы мектеп  қабырғасында жүргенде әр ер баланың  ұшқыш болғысы келетіні анық қой. Кез келген  баладан «есейгенде кім боласың?»  десе, еш ойланбастан «ұшқыш болғым келеді» деп жауап беретін.
Алматы маңында болған  ұшақ апатынан кейін әр  ата-ана баласының  ұшқыш болуына үзілді-кесілді  қарсы  болатын шығар деген  ой туындайды. Мүмкін, қателесермін. Бірақ, осы бір  ұшақ апаты неге жиі-жиі  қайталана береді деген  сұрақ көкейімде кептеледі. Кімнің  кінәсі? Ұшу  қауіпсіздігін  дұрыс  басқармаған басшылар ма,  ұшу  барысында тәжірибесі жоқ техник пе? Әлде  ұшақтарымыз сын көтермей ме?
          Төрт бірдей шаңырақты  шайқалтып, елімізді аңыратып кеткен Ан-26 әскери-көлік  ұшағының экипажында болған  тәжірибелі де  кәсіби мамандардың жарқын бейнесі еліміздің жадында мәңгі сақталғанымен  отбасындағы орны  қалай  толмақ? Ата-анасы мен  туғандары,  жақындары  үшін енді жоқ, мәңгілік сағыныштарына айналған асыл бейнелер жайлы  ойымды жинақтай алмай, жанарымдағы  жасты үнсіз жұта беремін.
        Көрер  жарығы  таусылған  деп  көз жұма  қарағанымызбен  ауа-райының  қолайсыздығы  ма, жоқ  өз ісіне  салғырт қараған  қызметкерлердің кінәсі ме,  оны әрине мен  айта алмаймын.
        Дегенмен, «сақтансаң сақтаймын»  деген  қағиданы  ұстанып азаматтарымызды әуеге  ұшырарда барлық қауіпсіздік  шараларына  қатал  қарамасақ  арыстарымыздан айырылып қала беретін болсақ келешекте  ұшаққа отырып, көкке самғайтын ержүрек  ұшқыш таппай қалмайық.
         Салғырттықтан немесе  қауіпсіздік ережелерінің  дұрыс сақталмауынан ұшақ апаты  орнай берсе келешекте балапандарымыз «ұшқыш болғым келмейді» деп жүрер.  Ұшақпен бірге балапандарымыздың  үкілі  үмітін жоғалтып алмасақ деген ой мазалайды.
     Бұл  қазалы  жағдай елімде енді  қайталанбаса екен!
Гүлмира МҰРАТЖАНҚЫЗЫ,
Алматы  қаласы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1