Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап еліміздегі педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді.
Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы да қосымша 1,2 триллион теңге жұмсалатынын Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткен болатын. Қабылданған шаралар қазірде өз жемісін беріп жатыр.
Осындай қамқорлықты көрген соң, педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түсіп жатқан жастардың орташа баллы күрт өсті. Дегенмен де Президентіміз Қ.К.Тоқаев ұстаздарды қолдау саясатын тоқтатпай, одан әрі қарай жалғастыра береміз деген болатын.
Айсезім АДИЛХАНОВА,
11 «Б» сыныбы, 38 мектеп лицей,
Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы.