Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҮМІТКЕРЛЕР АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҮМІТКЕРЛЕР АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҮМІТКЕРЛЕР АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен жергілікті мәслихаттардың депуттаттығына үміткерлер  – аудан орталығы Мырзакент кентіндегі «Мақтаарал» мәдениет үйінде мәдениет саласының қызметкерлері мен кітапханашылардың басын қосып, жиын өткізді. Сайлаушылармен осы жүздесу барысында, оларға бүгінде партия тарапынан жасалып жатқан көптеген игі жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар, кездесу шарасында ауылдарды газдандыру, ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, оған үміткерлер барынша шынайы жауап беріп, жұртшылықты алдағы жылдың 10-шы қаңтарында өтетін сайлауда бас партияны қолдауға шақырды.«Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы атынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткердің бірі – Нұргүл Абдразақова да «Есіктен есікке» акциясы аясында, партияластарымен бірге Атакент кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.«Атакент кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркін Жантөреевтің үйінде өткен кездесу барысында партиямыздың сайлауалды бағдарламасының басымдықтары, атқарылған жұмыстардың барысы мен іске асырылатын жобалар туралы сайлаушыларымызға түсіндіру жұмыстарын жасадық. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, оларды еліміздің бас партиясын қолдауға шақырдық.  Сөз кезегі келгенде мен өз салам бойынша – мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласын қолдауға қатысты жасалып отырған шараларға кеңінен тоқталдым»-деп, депутаттыққа үміткер Н.Пердебайқызы өзі атқарып жүрген жұмыстардың барысымен көпшілікті таныстырды.
ЖОМАРТ ҮМІТБЕКҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1