Мазмұнға өту
USD
453.87₸
0.00
EUR
508.33₸
0.00
RUB
5.65₸
0.00
CNY
68.22₸
0.00
Алтын
56 565₸/г
0
Күміс
718.73₸/г
0.00
Жаңартылды: 01:54
-
Терезелерді сабынмен жууға болмайды, себебі әйнекте үлбір пайда болатындықтан ол нашар жуылатын болады.
-
Тұздалған суға батырылған щетка, сабаннан жасалған бұйымдардың алтын түсін қалпына келтіруге көмектеседі.
- Егер кілемге кешке жақын тұз сеуіп, оны таңертең дымқыл шүберекпен сүртетін болсаңыз, ол барынша жарқырай түседі.
- Линолеумді ыстық сумен жууға болмайды, одан ол түсін жоғалтатын болады.
- Паркетті едендерді глицерин қосып (1 ас қасық стакан су) салқын суға батырылған дымқыл шүберекпен сүртсеңіз, ол барынша жылтырайтын болады.
- Кір жуушы автомат машинадағы қақты еріткіңіз келсе, онда кір жуғыш науаға 80 г лимон қышқылын салып, жуылатын киімдер салмай, кір жууды 80 C-лік температурадағы бір циклге қойыңыз.
- Қыздырылған үтікпен үстіне тұз себіліп қойылған қағазды үтіктесеңіз, онда үтіктегі көміртегі шөгінділерін құртуға болады.
- Бөлменің биік жерлерін тазалауды жоғарыдан төмен қарай істеген дүрыс, сонда шаңдар тазартылып, жуылған жерлерге қайтадан түспейтін болады.
- Жұмсақ жиһаздың шаңын кетіргіңіз келсе, онда оны ылғалды жапқышпен жауып, шаңын жеңіл қақсаңыз болғаны.
- Жуыну бөлмесіндегі айнаны «терлемесін десеңіз», оны стакан жылы суға 1 шай қасық желатин араластырылған қоспамен жақсылап сүрткеніңіз жеткілікті.