Ақ жол демократиялық партиясының Республикалық штаб мүшелері Түркістан облысына келді. Кездесу барысында Азат Перуашев партияның Түркістан қаласындағы филиалының штаб жұмысымен танысты. Сайлауға түскен кандидаттармен тілдесті. Сайлауалды бағдарламаның бағыттарын қайта пысықтады. Халық тарапынан түскен күрделі сауалдарға бірлесіп жауап іздеді. Партия төрағасы Азат Перуашев бастаған үгіт-насихат тобы Түркістан облысындағы «Комбинат Фараб» зауытының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партия төрағасы Азат Перуашов; « Біз өзі табыс табатын, бюджетке салық төлейтін және жұмыспен қамтитын кәсіпкерлерді қолдауымыз керек. «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында да кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аударылғаны айтылған.
Пандемия кезінде кәсіпорындарда жұмыс істеген мыңдаған адам жалақысыз қалды. Біз мұндай жағдайға жеткізбес үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Кәсіпорын көп болса, жұмыс орны көп болады. Жұмыс көп болса, әрбір отбасының күн көрісі жақсарады. «Біздің бағдарлама кәсіпкерлікті және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғауды мақсат етеді», — деді.
Сондай-ақ зауыт жұмысшыларына партияның сайлауалды бағдарламасының басқа да бағыттары түсіндірілді. Түркістандық сайлаушылардың мәселелері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
Үгіт-насихат тобы Түркістан қаласындағы Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне кіріп бабалар рухына құран бағыштады
Ақ жол партиясының басшысы Азат Тұрлыбекұлы Перуашов бастаған үгіт-насихат тобы Арыс қаласына барды. Онда теміржолшылармен және локоматив депо мекемесінің жұмысшыларымен кездесті.
Басқосу барысында халыққа кері әсерін тигізетін бірқатар заң жобаларының іске асуына партия өкілдері қарсылығын жеткізді. Солардың бірі — 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Қаржы министрлігі банк карточкаларынан салық ұстамақ болған. Бұл бастамаға Ақжол партиясының өкілдері қарсы шығып, бұл ұсынысты тоқтатуға себепкер болған.
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қадам бастық. Халқымыз жылдан жылға саяси мәселерге етене жақындап келеді. Биыл әр кандидатқа жеке емес, партияларға дауыс береді. Сондықтан, сіздер дұрыс шешім қабылдайды деген үміттемін. Елімізге түбегейлі өзгеріс қажет десеңіздер, Ақжолмен бірге болыңыздар!», — деді Қазыбек Иса.
«Ақ жол» демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалы.