ӘлеуметДенсаулықСпорт

ҚЫЗЫЛҚҰМДА СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА БОЛЫП ӨТТІ

Қаралым: 31
          «1 наурыз –алғыс айту күні» мерекесіне орай Ақтөбе ауылындағы спорттық алаңшада ауылдық округ аумағындағы мекемелер (Әкім аппараты, ЖОМ, дәрігерлік амбулатория) арасында спорттың кіші футбол түрінен жарыс өтті.

          Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген осы кіші футбол жарысына ауылдық округтен 5 команда қатысып, ойын тартысты өтіп, өзара күш сынасты. Бағы мен бабы қатар келген командалар қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.
             Атап айтсақ, «Я.Есенбеков ЖОМ» командасы жеңімпаз атанса, ІІ-ші орынды «Қызылқұм а/о әкімі аппараты» командасы, ал жүлделі III-ші орынды «Сарыарқа ЖОМ» командасы иеленді. Жарыста жеңіске жеткен командалар мен үздік өнерлерін көрсеткен азаматтарға арнайы сыйлықтар және дипломдар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *