Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Қарсыластарының бәрінен басым түсіп, бірінші орынды иеленді! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Қарсыластарының бәрінен басым түсіп, бірінші орынды иеленді!

Қарсыластарының бәрінен басым түсіп, бірінші орынды иеленді!

      «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» және «Астана күніне» орай Келес ауданының Бесқұбыр елді мекенінде волейболдан жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құралған командалар арасында Келес ауданының ашық біріншілігі өтті.
      Осы аталған спорттық іс-шара – мемлекеттік қызметкерлер арасындағы серіктестік пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды бастама болды. Сондай-ақ бұл жарысқа Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Шардара, Мақтарал және Жетісай аудандарының жергілікті атқарушы органдарының басшыларынан құралған командалар да қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Әкімдер мен басқарма басшылары алаңда командалық рух пен спорттық шеберліктің үлгісін көрсетті.
        Қызықты да тартысты өткен жарыс барысында Жетісай ауданының әкімдігі мен құқық қорғау құрылымдары құрамындағы команда өз шеберлігімен ерекшеленіп, қарсыластарының бәрінен басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Бұл команданың құрамында Жетісай ауданының әкімімен қатар басқа да сала жетекшілері болды. Олар ұйымшылдықты, шапшаңдықты және кәсіби дайындықты жоғары деңгейде көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
  • І орын – Жетісай ауданының командасы;
  • ІІ орын – Келес ауданының командасы;
  • ІІІ орын – Сарыағаш ауданының командасы иеленді.
Сонымен қатар осы жарыс барысында ерекше көзге түскен спортшылар да арнайы марапаттармен марапатталды. Атап айтқанда:
  • А. Жүнісбеков – Жетісай ауданының прокуроры;
  • А. Өтембаев – Жетісай АБ ҰҚК ТОД басшысы;
  • М. Курбанбаев – Жетісай аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары – алаңдағы үздік ойын өрнегі мен командалық үлесі үшін жеке номинациялар бойынша ұлықталды.
             Бұл спорттық іс-шара тек жарыс қана емес, мемлекеттік қызметкерлер арасында достық пен серіктестікті нығайтатын маңызды алаңға айналды. Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасында ынтымақтастық пен салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ел ішінде спорттық мәдениеттің дамуына да өз үлесін қосуда.
С. ЖҮНІСБЕКОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1