Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

          Өткен күндері қаламыздың Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 1 сәуір – Қазақ өнері күніне орай лекция – концерт болып өтті.

         Бұл күн қазақтың дарынды композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендінің туған күніне орайластырылып, белгіленді. Осы атаулы датаға орай ұйымдастырылған шарада студенттерге арнап, Нұрғиса Тілендінің өмірі мен шығармашылығына байланысты арнайы әзірленген деректі сюжет көрсетіліп, «Қазақ өнері күніне» халық ақыны Мұқтар Шахановтың ел жұртшылығына арнаған құттықтауы оқылды. Концертте Нұрғиса Атабайұлының шығармалары көптеп орындалды.
         Олардың қатарында өнер колледжінің жас домбырашылары 1-курс студенті Сәбит Ақнұр тартқан «Жекпе-жек», 3-ші курс студенті Жәпен Әли орындаған «Аққу», «Баламишка» және т.б күйлер бар. Сонымен қатар құрамында Құбат Темірлан, Хасен Азат, Самарқан Жанбек, Жәпен Әли, Амангелді Нұргелді, Бейісова Камилла сынды жас домбырашылар бар ансамбль мен дирижёр Шолпан Байменова жетекшілік еткен оркестр жиналған жұртшылықты өз өнерлерімен тәнтті етіп, Н.Тілендінің елге танымал шығармаларын нақышына келтіріп орындаса, ән бөлімінің 3-курс студенті Шәмел Аңсаған «Сағындым ғой» әнін көрермендерге тарту етті.
        Кеш соңында шараға белсенді қатысқан жас домбырашыларға –  «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясымен жарық көрген кітаптар табыс етілді.
«Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1